Тіл жанашыры марапатталды
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы" атты жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.
Солардың бірі - біздің әріптесіміз БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Кенжеева Жазира Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының "Құрмет грамотасына" ие болды.
Марапатыңыз құтты болсын, Жазира Сағидоллақызы! Мәртебесі асқақ ана тіліміздің көркеюіне қосар үлесіңіз әлі көп екеніне сенеміз!
