БҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті
Білім күні қарсаңында БҚО ПД Орал қаласының Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, қайырымдылық көрсетті. Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету,баланың әлеуметтік себептерімен мектепке келмей қалуының алдын алу болып табылады.
- Мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Осылайша, біз балалардың әрі қарай жеке өсуі үшін берік және сенімді негіз қалыптастырамыз. Балаларға сыйлықтарымызды табыс ете отырып Отан игілігі үшін қызмет етуге деген қызығушылықты арттыру үшін полициядағы жұмыс туралы әңгімелеп бердік, - деп бөлісті Орал қ.ПБ Патрульдік полиция батальоны командирі полиция подполковнигі Берік Молдашев.