ШҚО полицейлері медицина қызметкерлерін кәсіби мереке қарсаңында құттықтады

ШҚО полицейлері медицина қызметкерлерін кәсіби мереке қарсаңында құттықтады

                                                                ШҚО полицейлері медицина қызметкерлерін кәсіби мереке қарсаңында құттықтады


Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігін және олардың қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын сақтай отырып, ақ халатты абзал жандардың жұмыс істеп жатқаны алғашқы онжылдық емес екенін айта кеткен жөн.


Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде облыстық емханасы бар госпитальдың мамандарына құрмет көрсетілді.


Медицина мамандарына арнаған сөзінде өңірдің бас полицейі генерал-майор Ерлан Омарбеков оларға адал еңбегі, кәсібилігі және қойылған міндеттерді кез келген жағдайда шешуге дайындығы үшін алғыс білдірді.


- «Департаментіміздің медициналық қызметінде облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамның, жақын туыстары мен ардагерлерінің денсаулығына қамқорлық жасайтын өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Сіздердің мамандықтарыңыз – жақсылық, қамқорлық пен нұр әкелетін, денсаулығымызды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жұмыс. Ақ халаттыларға біз ең қымбат нәрсе – өмірімізді сеніп тапсырамыз», - деді ШҚО ІІД бастығы.


Іс - шарада салтанатты шараның басты қонақтары -дәрігерлер, медбикелер және облыстық Полиция департаментінің емханасы бар госпитальдың басқа да мамандары құрмет грамоталарымен және адал еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.


Бүгінгі таңда емханасы бар госпиталь Шығыс Қазақстан ардагерлеріне, ІІО зейнеткерлеріне, полиция қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне білікті көмек көрсетеді.

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі