Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы "Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен күзет қызметі лицензиялануға жатады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті заңды тұлғаларға «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін электрондық лицензиялау веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетеді.

Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ІІМ-нің 28.03.2020 жылғы № 261 «Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттелген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:            

лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

Күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның екі кіші түрі бар:

  1. Күзет қызметтерінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету.
  2. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрлері.

Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдар мен өкілдіктеркелесіні бар болуын көздейтін талаптарға сай болуы тиіс:

1) күзет қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес;

2) орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жай;

3) орталықтандырылған бақылау пульті;

4)радиобайланыс құралдары (қызмет көрсету аумағындағы күзет бекеттері арасында, сондай-ақ күзет пунктіндегі кезекшімен екіжақты байланысты жүзеге асыру үшін);

5) объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін жедел ден қоюдың кемінде екі мобильді тобы;

6) қызметтік, оның ішінде атыс қаруы.

 

 

ШҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімі

 

 

Дата публикации
11 июня 2025