Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті, 070020, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1, анықтама телефондары: (8-7232) 23-42-15, 23-46-18 факс (8-7232) 23-44-31, электрондық мекенжай <as.muratkhanova@mvd.gov.kz> кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды:
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғарғы медициналық, отыз бес жасқа дейінгі.
Ішкі істер органдарына тұру тәртібі
Ішкі істер органдарына іріктеуге қатысу (іріктеуді өткізу орнына бару және қайту, медициналық комиссиядан өту, тұрғын үй жалдау) үміткердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Үміткерлерді іріктеу бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Іріктеудің әр кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер, келесі кезеңге жіберілмейді.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына үміткерлердің құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіби дярлықты бітіріп, бірақ ішкі істер органдарында ары қарай қызмет атқарудан бас тартақан немесе ІІМ оқу орнынан тәртіптік заңдылықты бұзушылықтан, үлгермеуіне байланысты, өз еркімен шыққан әрі қарай қызмет атқарудан бас тартқан жағдайда, ол даярлық кезінде дайындыққа жұмсалған, тамақтану және сол жерде тұру жағдайына жұмсалған барлық қаражатты қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Қызметке түскен үміткер ішкі істер органдарына, 3 жылдан кем емес уақыт қызмет атқаруға тиіс (келісім-шарт жасалынады).
Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде, штаттың қысқартылуына байланысты, басқа лауазымдарда пайдалану, сондай-ақ оны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда, ішкі істер органдарынан тарату басқа құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысу және денсаулық жағдайы бойынша 3 жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда қызметкерге қолданылмайды.