Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті, 070020, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1, анықтама телефондары: (8-7232) 23-42-15, 23-46-18 факс (8-7232) 23-44-31, электрондық мекенжай <as.muratkhanova@mvd.gov.kz> кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды:
- Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың (батальон құқығындағы) инспекторы (C-SN-8) – 2 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (юриспруденция, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейінгі, қоян-қолтық ұрыс түрлерінен және практикалық атудан спорттық атақтар, разрядтар, біліктілігі болуы.
- Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ жедел уәкілі (С-SVR-8) – 1 бірлік.
- Риддер қ. ПБ жедел уәкілі (С-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.
- Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
- Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
- Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
- Алтай ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
- Риддер қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
- Глубокое ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік.
- Катонқарағай ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 1 бірлік
- Самар ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 1 бірлік
- Ұлан ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), отыз бес жасқа дейінгі.
- Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8) - 1 бірлік
- Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8) – 1 бірлік
- Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ Согра КПБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе орта арнайы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.
- Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (педагогика және психология, алғашқы әскери даярлық, дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), отыз бес жасқа дейінгі.
- ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (C-SSР-8) – 2 бірлік
- Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (C-SSР-8) – 6 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта заңгерлік немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейін. Автокөлік құралдарын жүргізуі үшін В,С санатты жүргізуші куәлігі бар.
- Марқакөл ауданы ПБ ақпарат және байланыс тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары арнайы, отыз бес жасқа дейін.
- Өскемен қ. Ертіс ПБ тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғары арнайы, отыз бес жасқа дейін.
- Зайсан ауданы ПБ инспектор-кинологы (С-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта арнайы немесе жоғары арнайы, отыз бес жасқа дейін.
- ПД автокөлік шаруашылығының 1 санатты полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.
- Өскемен қаласы ПБ автокөлік шаруашылығының 1 санатты полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.
- Алтай ауданы ПБ ТҚеТ полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
- Ұлан ауданы ПБ ТҚеТ полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
- ЖҚАЖ полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 3 бірлік
- Үлкен Нарын ауданы ПБ ТҚеТ старшинасы (С-SV-12) - 1 бірлік.
- Риддер қ. ПБ ТҚеТ старшинасы (С-SV-12) - 1 бірлік.
- ПД патрульдік полиция батальонының қамтамасыз ету тобының старшинасы (С-SV-12) - 1 бірлік.
- Күршім ауданы ПБ УҰИ полицейі (С-SV-12) - 1 бірлік.
- Үлкен Нарын ауданы ПБ кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі (C-SV-12) – 1 бірлік
- Марқакөл ауданы ПБ кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі (C-SV-12) – 1 бірлік
- Марқакөл ауданы ПБ кеңсе технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
- Күршім ауданы ПБ ақпараттандыру және байланыс тобының технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
- Ұлан ауданы ПБ кеңсе технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
- Риддер қ. ПБ кіші инспектор-кинологі (C-SV-13) – 1 бірлік
- Өскемен қ. ПБ кіші инспектор-кинологі (C-SV-13) – 1 бірлік
- Катонқарағай ауданы ПБ УҰИ полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік
- Өскемен қ. қабылдау-бөлу орнының полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік
- Марқакөл ауданы ПБ айдауыл тобының айдауыл- полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, отыз бес жасқа дейін, мерзімді әскери қызметтен өткен.
Ішкі істер органдарына тұру тәртібі
Ішкі істер органдарына іріктеуге қатысу (іріктеуді өткізу орнына бару және қайту, медициналық комиссиядан өту, тұрғын үй жалдау) үміткердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Үміткерлерді іріктеу бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
- Бірінші кезеңде - келіп түскен жеке істер негізінде үміткерлердің тізімдері қалыптастырады;
- Екінші кезеңде - үміткерлердің конкурс өткізу ереже талаптарына сай дене шынықтыру нормативтерін тапсыру;
- Үшінші кезең-қабылдау комиссиясы үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді, үміткердің қалауы бойынша ата-анасы, жұбайын шақыртумен. Үміткердің ІІО қызметке орналасу себептерін анықтайды. Үміткердің назары қызметі бойынша шектеулер, болашақ қызметінің сипаты, қызметтен тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мумкіндігі, сондай-ақ ІІО қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен басымдықтарға аударады. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамсыз ету үшін конкурстық комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.
Іріктеудің әр кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер, келесі кезеңге жіберілмейді.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына үміткерлердің құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіби дярлықты бітіріп, бірақ ішкі істер органдарында ары қарай қызмет атқарудан бас тартақан немесе ІІМ оқу орнынан тәртіптік заңдылықты бұзушылықтан, үлгермеуіне байланысты, өз еркімен шыққан әрі қарай қызмет атқарудан бас тартқан жағдайда, ол даярлық кезінде дайындыққа жұмсалған, тамақтану және сол жерде тұру жағдайына жұмсалған барлық қаражатты қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Қызметке түскен үміткер ішкі істер органдарына, 3 жылдан кем емес уақыт қызмет атқаруға тиіс (келісім-шарт жасалынады).
Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде, штаттың қысқартылуына байланысты, басқа лауазымдарда пайдалану, сондай-ақ оны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда, ішкі істер органдарынан тарату басқа құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысу және денсаулық жағдайы бойынша 3 жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда қызметкерге қолданылмайды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі