Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті, 070020, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1, анықтама телефондары: (8-7232) 23-42-15, 23-46-18 факс (8-7232) 23-44-31, электрондық мекенжай <as.muratkhanova@mvd.gov.kz> кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды:
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (юриспруденция, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейінгі, қоян-қолтық ұрыс түрлерінен және практикалық атудан спорттық атақтар, разрядтар, біліктілігі болуы.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), отыз бес жасқа дейінгі.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (педагогика және психология, алғашқы әскери даярлық, дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), отыз бес жасқа дейінгі.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта заңгерлік немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейін. Автокөлік құралдарын жүргізуі үшін В,С санатты жүргізуші куәлігі бар.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, отыз бес жасқа дейін, мерзімді әскери қызметтен өткен.
Ішкі істер органдарына тұру тәртібі
Ішкі істер органдарына іріктеуге қатысу (іріктеуді өткізу орнына бару және қайту, медициналық комиссиядан өту, тұрғын үй жалдау) үміткердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Үміткерлерді іріктеу бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Іріктеудің әр кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер, келесі кезеңге жіберілмейді.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына үміткерлердің құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіби дярлықты бітіріп, бірақ ішкі істер органдарында ары қарай қызмет атқарудан бас тартақан немесе ІІМ оқу орнынан тәртіптік заңдылықты бұзушылықтан, үлгермеуіне байланысты, өз еркімен шыққан әрі қарай қызмет атқарудан бас тартқан жағдайда, ол даярлық кезінде дайындыққа жұмсалған, тамақтану және сол жерде тұру жағдайына жұмсалған барлық қаражатты қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Қызметке түскен үміткер ішкі істер органдарына, 3 жылдан кем емес уақыт қызмет атқаруға тиіс (келісім-шарт жасалынады).
Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде, штаттың қысқартылуына байланысты, басқа лауазымдарда пайдалану, сондай-ақ оны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда, ішкі істер органдарынан тарату басқа құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысу және денсаулық жағдайы бойынша 3 жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда қызметкерге қолданылмайды.