Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің 2020 жылдың 2 тоқсанындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің (әрі қарай мәтін бойынша-Департамент, ШҚО ПД) бөлімшелері 29 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
ШҚО ПД бастығының 2020 жылғы 20 мамырдағы №228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторингілеу жөніндегі комиссияның жұмысы ұйымдастырылды. Комиссияның құрамына КҚҚБ, ӘПБ, ҚАЖ, ТҚҚБ бастықтары кіреді. Жұмыс органы ШҚО ПД ішкі аудит бөлімі (әрі қарай мәтін бойынша ШҚО ПД) болып табылады.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында ПД басшылығы жанындағы жедел кеңесте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері қаралды қызмет кураторлары үш рет (28.04.2020 ж. №67, 12.05.2020 ж. №76, 22.05.2020 ж. № 81 шешім).
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығының талаптарына сәйкес ПД комиссиясы белгіленген тәртіппен есептік мәліметтерді қалыптастырады және жібереді.
2020 жылдың 2-ші тоқсанында Департамент 80 984 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде қағаз түрінде 4 383 қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы 65 451 қызмет, электронды түрде 11 150 қызмет.
Көші-қон қызметі бағыты бойынша.
Ағымдағы жылдың 2 – ші тоқсанында облыстың көші – қон қызметі бөлімшелерімен 35 358 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органның өзі қағаз түрінде – 3 895 қызмет, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы-31 463 қызмет және электронды түрде-0.
14 жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартылды, оның ішінде "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметі бойынша Қазақстан Республикасының 22.07.2011 жылғы "Халықтың көші - қоны туралы" Заңының (бұдан әрі-заң) 56-бабы негізінде Қазақстан Республикасының 10 азаматына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуден бас тартылды, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" Заңның 49-бабы негізінде 4 шетел азаматына бас тартылды.
Көші-қон қызметі бөлімшелерінің азаматтар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ.
Әкімшілік полиция бағыты бойынша.
Азаматтық қару айналымы саласында 1706 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Департаменттің ӘПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімімен автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға 129 куәлік берілді.
ӘПБ процессингтік орталығы 43 500 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде көлік құралдарын тіркеу бойынша – 25 476 қызмет, 17 892 жүргізуші куәлігі және көлік құралдарына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің 132 телнұсқасы берілді.
Негізделген себептер бойынша (құжаттардың толық емес пакеті, төленбеген әкімшілік айыппұлдардың болуы, медициналық анықтамалардың болмауы ) 6 851 көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, оның ішінде азаматтық қару айналымы саласында - 84.
Қызмет алушылар тарапынан сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі ШҚО ПД сайтында орналастырылған.
Ағымдағы жылғы 17-18 сәуірі аралығында Әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында өткізілген "Жолда қабылдау" акциясына қатысып, тұрғындар арасында көрсетілген қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап арнайы бөлімге Өскемен және Семей қалаларының ХҚКО-ларында Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әкімшілік полиция қызметкерлері орналастырылды.
Қазіргі уақытта ШҚО ПД ӘПБ" бэк-офисінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы МК КЕ ШҚО бойынша азаматтарға қызмет көрсету бөлімдерінің аумақтық "фронт-офистерінен" электрондық арналар арқылы келіп түскен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша құжаттарды өңдеу жүзеге асырылуда.
Ақпараттық-талдау орталығы бойынша.
ШҚО ПД ҚАЖД Арнайы мемлекеттік мұрағаты ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында Мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру бойынша 287 мемлекеттік қызмет көрсетті.
26 жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Ай сайын мұрағат қызметкері ХҚКО БАЖ бағдарламасына мемлекеттік қызмет көрсету туралы статистикалық деректерді енгізеді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ. 2020 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша қарау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
Күзет қызметін бақылау бөлімі бойынша:
2020 жылдың 2 тоқсанында ШҚО ПД күзет қызметін бақылау бойынша бөлімі 4 мемлекеттік кызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде күзет қызметі саласында мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жоқ.
Ішкі бақылау:
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында бақылау іс-шаралары "карантин" (Covid 19) енгізілуіне байланысты қызметтік іссапарларға шығуға тыйым салынғандықтан жүргізілген жоқ.
Комиссия құрамына енгізілген қызметкерлер күн сайын "Мониторинг" ХҚКО БАЖ базасында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу мәніне мониторинг жүргізетінін атап өткен жөн.
Сыртқы бақылау:
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде МҚІЖҚАД қызметкерлерімен тексерулер жүргізілген жоқ.
ШҚО ПД ІАБ басшысы Н.Жарылғамысов