1) волонтерлердің қоғам қауіпсіздігі, өзін-өзі ұйымдастыру игілігі үшін азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда борыш және әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек және қайырымдылық сезімін нығайту.
2) волонтерлердің жеке және заңды тұлғаларға ерікті қоғамдық пайдалы көмек көрсетуі, азаматтардың өмірін, денсаулығын, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, есірткіге қарсы насихаттау мен нашақорлықтың бастапқы алдын алуға, сондай-ақ халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға қатысуы;
3) ішкі істер органдарының азаматтардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсұнушылық мінез-құлыққа және құқық бұзушылықтарға төзбеушілікке бағытталған адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бойынша идеологиялық шараларды қолдану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға волонтерлерді тарту.
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатысу («Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығының 19, 22 және 24-тармақтарына сәйкескөрермендердің ұйымдасқан түрде өтуін және шығуын, көрермендердің мінбелерге, залдарға, секторларға орналастырылуын, азаматтардың билеттерсіз және рұқсаттарсыз өтуіне тыйым салуды, көрермендер мен қатысушылардың спорт алаңына кенеттен шығуына жол бермеу үшін спорт алаңының периметрі бойынша қойылуын қамтамасыз ету);
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысу;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысу, оның ішінде психоэмоциялық қолдау және алғашқы медициналық көмек көрсету;
4) іздестірудегі адамдардың, оның ішінде хабар-ошарсыз кеткендердің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларына қатысу;
5) суда адамдарды іздеудің пассивті фазасына қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;
7) азаматтардың қауіпсіздігіментыныштығына қатысты маңызды ақпаратты іздестіруге қатысу (ашық кәріз люктері, көшедегі жалаңаш электр сымдары, қолайсыз отбасылар, притондар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз болуы, ЖЖҚ және т.б.);
8) пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметке қосуға процесске қатысуы;
9) азаматтардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсұнушылық мінез-құлыққа және құқық бұзушылықтарға төзбеушілікке бағытталған адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бойынша халық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстарына қатысу;
10) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, маскүнемдікке, жоғалған адамдарды іздеуге, есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қарсы іс-қимыл желісі бойынша орын алған проблемалардың алдын алу және ақпараттандыру мақсатында өткізілетін полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын акцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысу;
11) ішкі істер органдарының бейінді оқу орындарына,сондай-ақ қызметке түсу үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
12) ішкі істер органдары қызметтерінің мәдени өміріне қатысу;
13) ішкі істер органдарының қызметі туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
1) волонтерлер қозғалысын ұйымдастырушыларға ұсыныстар түрінде
ішкі істер органдарының іс-шараларына қатысатын волонтерлер үшін ІІМ әзірлеген кеудеше, шарф және кепка үлгілерін осы Ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкесұсыну;
2) волонтерлік ұйымдарды, волонтерлерді тарту мақсатында өткізілетін тақырыптарды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, сондай-ақ олардың ішкі істер органдарына көмек көрсету түрлерін кеңейту мүмкіндігін анықтау;
3) волонтерлерді оқыту және қажетті қолдау түрін анықтау;
4) волонтерлердің қызметін ынталандыру мүмкіндігін анықтау (алғыс хаттармен, грамоталармен марапаттау рәсімдері бар салтанатты іс-шаралар, ПД, ТЖД, ҚАЖД және т.б. мұражайларына экскурсиялар өткізу);
5) волонтерлік қызметті ұйымдастыру үшін волонтерлердің қызметіне нақты сипаттама беру;
6) белгіленген талаптар мен нормаларғасәйкес қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама жүргізу ұсынылады.
1) волонтерлік ұйымдармен және волонтерлермен кездесулер ұйымдастыру;
2) волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің ІІО-мен өзара іс-қимылы бойынша мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру;
3) қауіпсіз және тиімді волонтерлік қызмет үшін жағдайлар;
4) белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама жүргізу;
5) қойылған міндеттерді сапалы және қауіпсіз орындауүшін волонтерлерді қажетті дағдыларға үйрету кіреді.
1) волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерге жұмыстың мазмұны туралы толық ақпарат беру (мақсаттар, жоспарланған нәтижелер, іс-шаралардың мерзімділігі, мысалы, жоғалған адамдарды, автокөлікті іздестіруде адамдардың жаппай шоғырлануы, көлік ағыны мен т.б. арасында оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше сыртқы белгілер туралы бағдарлау);
2) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білім көлемін айқындау (оқыту мақсатты, нақты болуы және еріктілер орындайтын жұмыстың ерекшелігіне дәл сәйкес келуі тиіс) ұсынылады.
1) волонтерлермен, үйлестірушілермен немесе волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларымен жұмыс бойынша әкімдіктер өкілдерімен тығыз өзара
іс-қимыл;
2) бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер (kazvolunteer.kz, lider.kz, rina.kz және т. б.);
3) адамдар жаппай келетін орындарда көрнекі үгіт (стендтер);
4) ақпараттық парақтарды, брошюраларды, буклеттерді тарату;
5) сайттарда, блогтарда, әлеуметтік желілерде хабарландыру орналастыру;
6) ЖАО ақпараттық қызметтерінің мүмкіндіктерін пайдалану;
7) қоғамдық көлік жолаушыларын хабардар ету;
8) мектептерде, жоғары оқу орындарында және басқа да білім беру ұйымдарында презентациялар өткізуарқылы тартуұсынылады.
1) ақпарат жинау:
- волонтерлік қызмет субъектілері жүргізетін құқық бұзушылықтардың профилактикасына, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған волонтерлік бағдарламалар (жобалар), акциялар (атауы, күні, уақыты және өткізу орны) туралы;
- волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды ұйымдастырушылар туралы (орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін волонтерлерді дербес немесе волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын жеке тұлғалар);
- волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің қатысуымен ішкі істер органдары өткізетін іс-шаралардың саны мен атауы туралы;
2) мониторинг қорытындысы бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;
3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат құру. Есептік ақпаратта:
волонтерлік ұйымдармен және волонтерлерменөзара іс-қимылдың ағымдағы жағдайы мен тиімділігінбаяндаужәне проблемалық мәселелердісипаттау;
оң тәжірибенің сипаттамасы;
ішкі істер органдарының волонтерлік ұйымдармен және волонтерлерменөзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту, ынталандыру және қолдау жөнінде ұсыныстар беру туралы мәселе болуы тиіс.