Өскеменде нашақор шприцпен ұсталды

Өскеменде нашақор шприцпен ұсталды

Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөліміне «Дәрмек» жедел – алдын алу іс - шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде болған 34 жастағы ер адам ұстағаны туралы хабарлама түсті.

Жеке тінту барысында күртешесінің сол жақ ішкі қалтасынан қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылды және алынды.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 0,0511 гр – «экстрациондық опий» есірткі құралы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК –нің 296 – бабы, 2 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.

                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі

Дата публикации
10 марта 2021