Алтай қаласында марихуана тәркіленді

Алтай қаласында марихуана тәркіленді

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ШҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алтай аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, Алтай қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады.

- Күдіктінің үйін тінту барысында 3 кг-нан астам марихуана тәркіленді, ол марихуананы өзі пайдалану мақсатында сақтаған, - деп атап өтті ШҚО Полиция департаменті бастығы Сағат Мәдиев.

Ұсталған адам есірткінің мұндай мөлшерін қалай қолданғысы келетінін түсіндіре алмады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі

марихуана
Дата публикации
09 ноября 2020