Күршім ауданының тұрғынынан 25 кг марихуана тәркіленді
Полицейлер 25 келі марихуана сақтаған Күршім ауданының тұрғынын ұстады.
Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында криминалдық полиция қызметкерлері Күршім ауданының шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жедел тінту барысында құрамында спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат бар үш қап, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға арналған қолдан жасалған құралдар табылып, тәркіленді.
-Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ШҚ-ның 28 жастағы жұмысшысы 2020 жылдың жазында бұл затты ШҚ-ның маңайынан жұлып алғаны анықталды, оны өзі пайдалану үшін сақтадым деп түсіндірді. Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, қаптардағы сақталған зат-марихуана, салмағы 24 866 гр.",- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі