Өскемен тұрғыны марихуананы кәмпиттің қорабына жасырған

Өскемен тұрғыны марихуананы кәмпиттің қорабына жасырған

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына қала тұрғындарының бірі есірткі заттарын тұтынып, сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

- Үйдің ауласын тексеру барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды ұстады, оның «Honda» маркалы автокөлігін тінту кезінде бардачкадан спецификалық иісі бар, қоңыр-жасыл түсті, өсімдік тектес 2 полимер түйіншегі табылып алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерінен кәмпит қорабынан спецификалық иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес затты тапты.

Маманның қорытындысына сәйкес, автокөлік пен пәтерден алынған салмағы 182,25 грамды құрайтын зат «кептірілген марихуана» есірткі заты болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі

марихуана
Дата публикации
17 февраля 2021