ӨСКЕМЕНДЕ ЕСІРТКІ КУРЬЕРЛЕРІ ҰСТАЛДЫ

ӨСКЕМЕНДЕ ЕСІРТКІ КУРЬЕРЛЕРІ ҰСТАЛДЫ

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Ұлттық ұланымен бірлесіп облыс орталығында Қарағанды облысының 26 және 23 жастағы екі тұрғынын ұстады, олар Өскемен қаласында жалдамалы пәтерде тұрып, әлеуметтік желілер арқылы психотроптық заттарды өткізумен айналысқан.

- Тінту барысында доза психотроптық заттардың 1 000 - нан астам бір реттік, сондай-ақ өлшеп-орауға арналған заттар (таразылар, пакеттер) алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Күдіктілер Өскемен қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тәркіленген психотроптық заттардың «Қара нарықтағы» бағасы 12 млн теңгені құрайды.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

Дата публикации
24 февраля 2021