ШҚО-да «Дәрмек» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында жеті есірткі қылмысы анықталды

 

Шығыс Қазақстанда республикалық «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы аяқталды.

ЖААШ өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 7 есірткі қылмысы ашылды. Оның ішінде 5 факт есірткі заттарын сатумен байланысты. Атап айтқанда, тінту барысында облыс тұрғындарының бірінен 130 грамнан астам марихуана тәркіленді. Ал тағы бір заматтан 6 гр. гашиш, ал үшінші тұрғыннан 60 грамнан психотроптық заттар астам табылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша екі факті тіркелді. Мәселен, облыс тұрғындарының бірінен пәтерден 3900 грамнан астам марихуана заты табылды.

Бұдан басқа, заңды айналым саласында екі қылмыстық теріс қылық, сондай-ақ 7 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өтті.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі

есірткі
Дата публикации
01 марта 2021