Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ҚР ІІМ 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі-бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсаты – қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен (2026 жылдың 2 қарашасынан) бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Шығыс Қазақстан облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басақармасына үлгіге сәйкес баянат және «Құжаттамашы» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ҚР ІІМ 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
-ПД апаратына С-SVO-5 санаты;
-ПД аппаратына бағынышты бөлімшелерге С-SVO-6 санаты;
-қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне С-SVR-8 санаты;
-патрульдік полицияның саптық бөлімшелеріне C-SSP-5 санаты;
-арнайы мақсаттағы бөлімшелерге C-SN-4 санаты.
2) қолданыста тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілгенде.
Сұрақтар туындағын жағдайда ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады.
Каб. №504, анықтама телефондары 8 (7232) 23-23-44-31, 8 (7232) 23-43-27.
7
02 қараша 2026 11:19
02 қараша 2026