

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының құрылымдық бөлінісі болып табылады
Функциялары:
Жауап: «Күзет қызметі туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен лицензиялануға жатады.
ІІМ-нің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін аумақтық полиция органдары көрсетеді
Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген қағидалар «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және қажетті құжаттардың тізбесін айқындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 («Объектілерді жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы») арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының объектілері, олардың ведомстволары, құрылымдық және аумақтық бөліністері террористік тұрғыдан осал объектілерге (бұдан әрі ТТО) жатады.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3-бабына сәйкес ТТО объектілерінің басшылары мен өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Жоғарыда аталған Заңның нормаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықпен және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 06 мамырдағы № 305 («Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы») қаулысының талаптарына сәйкес ІІО әкімшілік ғимараттары үшін ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1қбп бұйрығымен бекітілген қағидалар әзірленді «ІІМ орталық аппаратының және ҚР аумақтық ішкі істер органдарының аумағында және әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (бұдан әрі – қағидалар) бекіту туралы
Жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес ІІО әкімшілік ғимараттарына келушілердің смартфондар мен өзге де техникалық құралдарды (бейне, кино және фотоаппаратура, жазу құрылғылары мобильді құрылғылар, машиналық ақпарат тасығыштар) пайдалануына жол берілмейді бұл заттар кіре берісте күзет бекеттерінде орналасқан арнайы сақтау орындарында (құлыпталатын ұяшықтарда) қалдырылады, бұл ретте кілт немесе нөмірлік жетон ұяшықтан ғимараттан шыққан сәтке дейін келушіде болады
Ережелер заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтетіндіктен, олардың талаптарының заңды күші болады және барлық заңды және жеке тұлғалардың (келушілер) орындауы үшін міндетті.