Қауіпсіздік бақылауда: полиция су тасқынына дайындық шараларына қатысуда

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен барды. Іс-шараға облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов, ТЖ қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс кеңесі су тасқынына дайындық мәселесіне арналды. Делегация мамандандырылған техниканың дайындығымен танысып, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралады.
Аудан әкімдігінде бірлескен кеңес өтті, онда ықтимал төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою бойынша негізгі шаралар талқыланды.
Жұмыс сапары барлық ведомстволардың үйлесімді өзара іс-қимылын және олардың өңірдің өзекті мәселелерін шешуге даярлығын көрсетті.