Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда полицейлер сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылады

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда полицейлер сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылады

Заң мен тәртіп негізінде әділ мемлекет құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрессіз мүмкін емес. Бұл туралы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің қызметкерлеріне СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин жұмыс кездесуі барысында айтты.

Полиция полковнигі Ғабдуллин қызметкерлерді ҚР ІІМ жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйімен таныстырып, сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, басшылардың дербес жауапкершілігі және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. ҚР ІІМ жариялаған «Полиция заң мен тәртіп күзетінде» профилактика жылы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты полицейлер ұдайы жүргізіп тұрады.

Қызмет бағыты