Полицейлер «белсенді жасөспірімдер» үшін, сондай-ақ олардың ата-аналары мен педагогтарына мазмұнды бағдарламалық кездесу ұйымдастырды

Полицейлер «белсенді жасөспірімдер» үшін, сондай-ақ олардың ата-аналары мен педагогтарына мазмұнды бағдарламалық кездесу ұйымдастырды

Полиция қызметкерлері Петропавлдағы 30-ға жуық оқу орнынан мектеп ішінде есепте тұрған жасөспірімдерді Оқушылар сарайына шақырды. Жалпы алғанда 300-ден астам бала, ата-аналар мен мектеп директорлары жиналды. Онда әр балаға қолжетімді үйірмелер мен секциялар көрсетілді, сондай-ақ оларға Солтүстістік Қазақстан облысы полиция департаменті арнайы жедел әрекет ету жасағының жабдықтарының көрмесін ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына оқуға шақырды.

Полицейлер педагогтардың алаңдаушылығын тудыратын жасөспірімдерді «көше әсерінен» қорғау, өмірлік мүмкіндіктердің кең ауқымдылығы туралы еске салу - мүдделі органдардың, облыстық прокуратураның және жұртшылықтың өкілдерімен бірлесіп өткізілген іс-шараның мақсаты екенін атап өтті.

Жас ұрпаққа полиция қызметкерлерінен басқа Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім беру басқармасы басшысы Айнагүл Сұрағанова, Солтүстік Қазақстан облысындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Сәуле Сұрағанова және кәсіпқой боксшы әлем чемпионы Жанат Жақиянов сөз сөйледі, - деп атап өтті Солтүстістік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов. - Жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыру - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асырудың маңызды аспектісі".

Полицейлер балаларға қазіргі заманғы буллинг, нашақорлық, лудомания қауіп-қатерлері туралы ескертіп, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына және полицияға қызметке түсу тәртібі туралы айтып, жастарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында Солтүстістік Қазақстан облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің көрермендерге терең әсер қалдырған тамаша көрсетілімі көрсетілді.