
Полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша күнделікті профилактикалық рейдтер өткізуді жалғастыруда.
Петропавл аулалары мен көшелерінде банкалар, орамалар, пластик сияқты ұсақ тұрмыстық қоқыстар азайып келеді. Өйткені көпқабатты үйлердің тұрғындары тұрмыстық қоқыстарды арнайы контейнерлерге лақтырып келеді. Ал көшкелі немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгелі жатқан кейбір тұрғындар құрылыс қалдықтарын үй маңындағы қоқысқа немесе жол шетіне шығара салады. Үлкен қаптар, қираған үлкен шкафтар, дивандар мен креслолар басқа тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырады.
Петропавл қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізеді. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының санкциясына сәйкес жеке тұлғаларға ескерту беру немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Көп қабатты үйлердің аулаларындағы үлкен қоқыстардан бөлек қаланың кейбір аудандарында қоқысты бей-берекет лақтырудың салдарынан көлемді қоқыс үйінділері пайда болуда. Осы тақырыптағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды қала тұрғындары әлеуметтік желілерге салып, үнемі талқылайды. Полицейлер басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері сияқты осы жарияланымдарға мониторинг жүргізеді және өз құзыреті шеңберінде қажетті шараларды қабылдайды. Учаскелік инспекторлар қала тұрғындарына Instagram және Facebook-те бұл проблемаларды жариялап қана қоймай, бұл туралы полицияға тікелей хабарлауға кеңес береді.
Жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша облыс полицейлері 9522 құқық бұзушылықты анықтады. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың басым бөлігін қалалық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады: 3200-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық жұмыс жалғасуда.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia