СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы хабарлайды

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы хабарлайды

Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Горький көшесінде Сүтішев көшесінен Исмаилов көшесіне дейінгі аралықта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқандықтан Жамбыл мен Сүтішев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы арта түсті. Осыған байланысты әкімшілік полиция басқармасы аталған учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыруға және бағдаршам объектілерінің жұмысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің өтуі үшін бөлек фаза қарастырылған. Бағдаршам объектілерінің басқа фазаларында жаяу жүргіншілер өте алмайды (жаяу жүргіншілер өздерінің өтуіне арналған сигналдарды қарауы тиіс). Жамбыл көшесінен Сүтішев көшесіне еш кедергісіз оңға бұрылу үшін қосымша "стрелка" түріндегі белгі енгізілді.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүрісі қағидаларын сақтап, бағдаршам сигналдарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қызмет бағыты