Түнгі көктайғақ Петропавл жолдарында 5 оқиға тудырды

Түнгі көктайғақ Петропавл жолдарында 5 оқиға тудырды

Петропавл полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жоғары қырағылыққа шақырады. Ауа-райының өзгеруі мұздың пайда болуына әкелді. Сағат 00:00-ден 11:00 — ге дейін Петропавл қаласының жолдарында 5 оқиға болды. Зардап шеккендер жоқ, автомобильдер механикалық зақымдану алған. Күрделі жағдайға байланысты жол қозғалысын бақылау күшейтілді. Автопатрульдер оқу орындарына жақын орналасқан. Сондай-ақ, күшейту үшін патрульдік полиция батальонының түнгі ауысымы маршруттарда уақытша қалдырылып, жұмысын жалғастыруда. Таңертеңнен бастап қала көшелерінде арнайы техника жұмыс істеуде.

Полицейлер еске салады: көктайғақ жағдайында көлік құралдарын тежеу қиын. Апаттың алдын алу үшін жылдамдықты төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыру керек, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде абай болу қажет. Жаяу жүргіншілер қазіргі жол жағдайында көшені белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналы арқылы өту әрекеттері екі есе қауіпті екенін есте ұстауы керек.

Тәртіп сақшылары қозғалыстың барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

#ҚРІІМ#МВДРК#QRIIM#MVDRK#SQOPD#SQO_PD#СҚО_ПД#ДПСКО#Polisia#Полиция#Police#СҚО_полицейлері#полицейские_СКО#дорбез#дтп#ддтт#мвд#кап#qriim