СҚО-да қоғам белсенділері мен полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылауда

Облыстық полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның биылғы жылы алғашқы отырысы өтті. Қоғам белсенділері 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, жаңа құрамға дауыс берді, сондай-ақ ойын-сауық орындарында қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады. Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Тұжырымдамасының жобасы бойынша жұмыс жеке талқыланды.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов консультативтік-кеңесші орган жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қоғам өкілдерінің ведомстводағы барлық маңызды іс-шараларға белсенді қатысатынын атап өтті. ККО мүшелерінің қатысуымен биылғы жылға үлкен жұмыс жоспарланған. Облыстық полиция басшысы Жасұлан Ахметовке, Арман Бердығұловқа, Павел Афанасьевке, Ерлан Тоқшылыққа және Зәуре Жұмалиеваға еңбегіне алғысын білдіріп оларға алғыс хаттарды табыс етті. Отырыс шеңберінде ұйымдастырушылық шешімдер де қабылданды: ККО төрағасының орнына келесі үш жылға бірауыздан Жасұлан Ахметов сайланды. Сондай-ақ, жаңартылған құрамға «Хабар24» телеарнасы редакциясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі тілшілер пунктінің жетекшісі, журналистер одағының мүшесі Төлеген Иманов қабылданды.
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Григорий Тыш көңіл-көтеру орындарында жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы баяндама жасады. Жасалатын қылмыстардың жартысынан көбі – ұрлық пен бұзақылық. Қаңтар айында көңіл көтеру орындарында 6 ұрлық жасалған. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды тәуліктің түнгі уақытында ойын-сауық мекемесіне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кіргізгені үшін көңіл көтеру орындарының бір иесі жауапқа тартылды. Проблемалық мәселелерді шешу үшін отырысқа Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Рауан Әубәкіров және «Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сайран Хамза шақырылды. Кездесу нәтижесінде полицияға жергілікті атқарушы органдарды шақыра отырып ойын-сауық мекемелерінің иелерімен осы объектілерге білікті күзет пен бейнебақылау камераларын тарту тақырыбы бойынша кездесу өткізу ұсынылды.
Отырыс соңында СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының 2024-2028 жылдарға арналған негізгі басым бағыттары туралы баяндама жасады. Тұжырымдама жайлы жұртшылық өкілдері оң пікірде. СҚО ПД жанындағы ККО мүшелері аталған құжатты әзірлеуге белсенді қатысып, ұсыныстар жасауды қолға алмақ ниетте.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia