СҚО-да жыл басынан полицейлерге бағынбаудың 36 фактісі тіркелді

Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаудың барлығы дерлік мас күйде жасалады. Қаңтар айының соңында сағат 21:00 шамасында Е.Бөкетов көшесіндегі жалдамалы пәтердің иесі айқай-шу бастаған ер адамды көршілерінің шағымдары бойынша шығаруға тырысты. Ол үш күн бойы алкогольді ішімдіктер ішіп көңіл көтерген. Алайда, 30 жастағы жанжалқой ер адам бұл жерде өзінің құқығы шектеліп жатқанын алға тартып полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор ер адамнан медициналық тексеруден өтуді талап етті. Мазасыз қонақ пәтерді босатудан бас тартып ашуға бой алдырды. Өзіне-өзі ие бола алмай, күш көрсетпек болды. Тәртіп сақшысының оған арнайы құралдарды қолдануына тура келді. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша материалдар жиналды. Бұдан бөлек, жалпыға ортақ орындарды ластағаны үшін оған хаттама толтырылды. Ол полиция қызметкерінің көзінше темекінің қалдығын терезеге лақтырып жіберген.
«Жыл басынан облыс орталығы аумағында ҚР ӘҚБтК 667-бабы бойынша 36 факті тіркелді, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. – Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау үшін 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза көзделген».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia