СҚО жолдарында төрт күнде 13 мас жүргізуші ұсталды

СҚО жолдарында төрт күнде 13 мас жүргізуші ұсталды

Төрт күнде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында полицейлер он үш мас жүргізушіні ұстады. 16 желтоқсаннан бастап өңірде он күндік «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

«Іс-шараға 400-ге учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері және тағы да басқа қызметкерлер жұмылдырылды. Міндет – жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының жолын кесу, сондай-ақ автокөлікті мас күйде басқаратын жүргізушілерді анықтау. Профилактикалық рейдтер тәулік бойы жүргізіледі», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде төрт күнде жол жүрісі қағидаларының түрлі 1023 бұзушылығы анықталды. Қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаудың – 109 және көлік тізгінінде телефондарды пайдаланудың 89 фактісінен бөлек, бұл күндері жылдамдықты асырғаны үшін – 72, құжатсыз көлік құралдарын басқарғаны үшін – 65, сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті басқаруғаны үшін – 32 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 99 дерегі анықталды.

Осы жылдың 11 айында СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 6 адам қаза тапты, 27 адам жарақаттар алды.


#ҚРІІМ#МВДРК#QRIIM#MVDRK#Polisia#Полиция#Police#SQOPD#SQO_PD#СҚО_ПД#ДПСКО#СҚО_полицейлері#полицейские_СКО