СҚО-да полицейлер Тәуелсіздік күні қарсаңында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесті

Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай облыстық және қалалық полицияның жеке құрамы ғылыми-мәдени іс-шараға қатысты. Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөпірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік—тарихи мұра» тақырыбында тарих сағаты өтті. Полицейлермен қатар, іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінің оқушылары, «Жас қаламгер» клубының мүшелері қатысты.
СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова мен «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының жетекшісі Боташ Қажымов тарих сағатының қонағы болды. Олар «Желтоқсан» деген атаумен Қазақстанның жаңа тарихына енген 1986 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен оқиғаның куәсі болған. Шақырылған қонақтар сол күндердің ізі қалған естеліктерімен, пікірлерімен бөлісті. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін бүгінгі таңда тарихшылар терең зерттеп жатқаны, бұл қайғылы әрі тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихындағы маңызды оқиға екендігі атап өтілді.
Тарих сағатында қазақ классиктерінің өлеңдері оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Руслан Тасымов, Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина мен қалалық Полиция басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов полицияның жеке құрамына өткізген өнегелі, танымдық әңгімесі үшін қонақтарға алғысын білдірді.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлованың айтуынша, биылғы жылы Тәуелсіздік күні жаңа форматта өтуде: бұдан былай 16 желтоқсан Қазақстанның ұлттық қаһармандарын еске алу күні болып табылады. Патриотизм, аға ұрпаққа құрмет көрсету және балалардың жарқын болашағын қамтамасыз ету —еліміздің әр азсматының міндеті болып табылады. Әсіресе, бұл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүгі артылған солтүстікқазақстандық полицияның жас қызметкерлері үшін аса маңызды.
#ТәуелсіздікКүні #Тәуелсіздік #ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО