Петропавл қ. патрульдік полицейлері жыл басынан 4400 астам құқық бұзушылық анықтады

Петропавл қ. патрульдік полицейлері жыл басынан 4400 астам құқық бұзушылық анықтады

Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жыл басынан 49 қылмыс ашып, 4400 астам құқық бұзушылық анықтады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын 90-нан аса патрульдік полицей кезекшілікке тартылады.

10 автопатруль, 6 «Модуль» бекеті, жаяу жасақтар – патрульдік полицейлер үш ауысымды режимде қызмет атқаруда. Дәл осы полиция бөлінісінің офицерлері алғашқылардың қатарында шақыртуларға барып, жылдамдық асыруға құмар, масаң күйдегі жүргізушілерді ұстайды және төбелес пен жанжалдарға шығады.

Петропавл қ. патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция подполковнигі Болат Жұмағазин ашылған қылмыстардың басым бөлігін ұрлықтар құрайтынын атап өтті. Саяжайлардан, көліктен ұрлау, бұзақылық фактілері бойынша қылмыскерлерді патрульдік полицейлер «ізін суытпай» ұстайды. Алдын алу – жұмыстың бөлек бағыты. Жол қауіпсіздігі желісі бойынша бұзушылықтар көп жағдайда жаяу жүргіншілермен жасалады, сондай-ақ жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауы және рөл үстінде телефонмен сөйлесу сияқты бұзушылықтар да жиі орын алып жатады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзушылықтары арасында масаң күйде жүрген, абаттандыру ережелерін бұзған және ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты хаттамалар жиі толтырылады.

Демалыс және мереке күндері патрульдік полицейлер учаскелік полиция инспекторларымен және полиция кешенді күштерінің басқа да жасақтарымен бірге қызметті күшейтілген режимде өткереді. Сақшылардың кәсібилігі арқасында қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.


СҚО Полиция департаменті Штабының ақпаратына сәйкес мереке күндері (7-9 наурыз күндері) Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына 1369 түрлі хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 34 – қылмыстық, 95 - әкімшілік құқық бұзушылық, 166 – түрлі оқиғалар бойынша, сондай-ақ анықтама сипатындағы 1000 қоңырау келіп түсті. Қалалық Жедел басқару орталығының бейне бақылау камераларының көмегімен қылмыстың ашылуына ықпал ететін 4 факті анықталып, 129 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Юрий Клыков, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы