СҚО полицейлері синтетикалық есірткі тасымалдау арнасының жолын кесті

СҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті.
Петропавл қ. бұрын істі болмаған 29 жастағы тұрғыны жедел тексеріс кезінде ұсталды. Ол Астана қаласынан бөліп салу және облыс аумағында тарату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні жеткізді деген күдікке ілініп отыр. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан қоңыр-сарғыш түсті ұнтақ тәріздес затпен 20 түйіншек анықталды. Тұрғылықты жері бойынша полицейлер дәл осындай затпен полимерлік пакеттерді, өлшеу құралдарын және заттың іздері бар электрондық таразыны анықтады. Сараптама аталған зат «тұз» атауымен белгілі α-PvР синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Алынған заттың жалпы салмағы 1 кг. 113 гр.
Бұдан бөлек, полицейлер ұсталғанның 51 жастағы әкесінің гаражынан тіркелмеген қаруларды анықтады. Атап айтқанда, қолдан жасалған ШТП автоматтарының муляждары, ИЖ-К тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ИЖ-38» пневматикалық винтовкасы, «PERFECTA» газ тапаншасы, аңшы және ойықты қарудың патрондары, 2 мыңнан астам құрылыс-монтаж патрондары және «Ф-1» оқу гранатасы. Сараптама тәркіленген оқ-дәрілер мен мылтық атуға жарамды екенін көрсетті. Ер адамның сөзіне қарағанда, ол қаруды әуесқой ретінде жинаған. Қазіргі уақытта тергеу бұрын істі болмаған қала тұрғыны қару мен оқ-дәрілерді қайдан алғанын анықтауда.
«Есірткіні өткізу мақсатында сатып алу, тасымалдау және сақтау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, қаруды сақтау фактісі – ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. - Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні жеткізу арналарының жолын кесу, сату фактілерін жою бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан түрлі есірткі бұзушылықтарын жасағаны үшін 123 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 35-і есірткі сатқаны үшін. Заңсыз айналымнан 415 кг. астам психбелсенді заттар алынды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО