Петропавл полицейлері Қазақстандағы танымал хабарландыру сайттарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатуда

Петропавл полицейлері Қазақстандағы «OLX» және «Колеса.kz» танымал хабарландырулар сайттарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатуда. Офицерлер мен менеджерлер zoom-конференциясы режимінде интернет-алаяқтықтың алдын алудағы өзекті мәселелерді талқылады. Кеңес Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың бастамасымен ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда алаяқтар адамдарды алдап, олардың қаражаттарын иемдену үшін күн сайын түрлі әдістер мен амалдарды қолданып, арам ойларын іске асыруда. Instagram мен мессенджерлерден бөлек, айлакерлер «ОLХ» пен «Колеса.kz» тегін хабарландырулар сайттарын пайдаланып келеді. Жандос Мұқатовтың ақпаратынша, жыл басынан облыс орталығында Колеса.kz» сайты арқылы – 31, ал «ОLХ» сайты арқылы 161 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Биылғы жылы қалалық тергеушілер жалған хабарландырулар бойынша 7 қылмыстық істі тергеген.
Онлайн-конференцияда тараптар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ проблемалы сұрақтарды шешу үшін қызмет барысындағы тәжірибелерімен және байланыс мәліметтерімен алмасты. Бұрын жалған хабарландырулар мен аккаунттарды өшіру үшін бірталай уақыт қажет болған, ал енді бұл үрдіс қысқа уақытта іске асырылмақ. Полицейлердің пікірінше, бұндай қадам желі қолданушыларының жеке мәліметтерін қаскөйлердің әрекетінен сақтап қалуға көмектеспек.
Жандос Мұқатов айтып өткендей, интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін қалалық полицейлер ұдайы негізде кешенді жұмыстарды қолға алған. Үй-үйді аралау кезінде, ата-аналар жиналыстарында және басқа да кездесулерде қызметкерлер қала тұрғындарына жеке мәліметтерді ешкімге таратпау, ұялы телефондарға бөгде қосымшаларды орнатпау, жақсы табысқа кенелуді насихаттайтын күмәнді сілтемелерді ашып қарамау туралы айтады. Осындай қарапайым қағидаларды сақтаған жағдайда ғана интернет-алаяқтар азаматтардың қаражаттарын иемдене алмайды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО