СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестіруде

СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған петропавлдық – 61 жастағы Юрий Анатольевич Волосниковті іздестіруде. 24 қыркүйекте Кәрім Сүтішев көшесіндегі үйінен шығып кеткен және бүгінгі күнге дейін жүрген жері белгісіз. Оның үстінде қоңыр түсті жеңіл куртка, көк түсті джинсы болған. Бойы шамамен – 160 см, дене бітімі арықша келген.
Іздеу жұмыстарына солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің жеке құрамы бағдарланды. Еріктілер әлеуметтік желілерде бағыт-бағдар таратып, іздеу іс-шараларына қатысуда. Полицейлер облыс тұрғындарының назарына салады: егер жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, мына телефон нөмірлеріне: 8 (7152) 49-39-49, 8 (7152) 49-30-74, 8-700—580-08-02 немесе «102» арнасына хабарлаңыздар.
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиевтің айтуынша, жыл басынан облыста адамдардың із-түссіз жоғалғаны туралы 432 өтініш тіркелген. Бүгінгі таңда 426 адамның жүрген жері анықталды.