СҚО полицейлері «Борышкер» операциясының 9 күнінде мың жарым құқық бұзушыны хабардар етті

СҚО полицейлері «Борышкер» операциясының 9 күнінде мың жарым құқық бұзушыны хабардар етті

СҚО полицейлері «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасына қорытынды жасады. Операцияның басты мақсаты – жол қозғалысы қатысушыларын тәртіпке шақыру, жасаған құқық бұзушылықтары үшін жазадан бұлтартпау принципін орнату.

8 – 16 ақпан аралығында өткізілген ЖПІШ барысында тәртіп сақшылары «Қазақтелеком» АҚ, сот орындаушылармен, ірі ұялы байланыс операторларымен бірге жұмыс жасады. Бұзушылық жасағаннан кейін бір апта ішінде айыппұлдың жартысын төлеуге мүмкіндік беретін қысқартылған іс жүргізу барынша пайдаланылды. Полицейлер жаппай хабардар ету үшін «Қазақтелеком» АҚ-ға айыппұл төлеуден жалтарғандардың тізімін берді. Ұялы байланыс арқылы борышкерлерге қарызын өтеу қажеттілігі туралы тұрақты түрде sms-хабарлама жіберілді.

Күн сайын автокөліктердің нөмірлерін автоматты түрде оқитын және төленбеген айыппұлдары бар адамдарды деректер базасымен салыстыратын «Жол приставы» жылжымалы интеллектуалды бейнебақылау жүйесі пайдаланылды. Атап айтқанда, осы жүйе өткен жылдың шілде айында ауыр жүк көлігін басқару кезінде көлік инспекциясы жазаға тартқан, бірақ осы уақытқа дейін айыппұл төлемеген жүргізушіні Н. Назарбаев көшесінің бойында ұстауға септігін тигізді. Барлығы «Жол приставы» көмегімен айыппұл төлеу қажеттігі туралы 29 хабарлама берілді.

«Жазадан бұлтартпау принципі – бұл әрбір азамат өз қылығы үшін жауапкершілікті сезінетін құқықтық мемлекет құрудың басты элементі, - деп тоқтала кетті СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. — Айыппұлдарды өндіріп алу – басты міндет емес, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу. Оперция өткізілген 9 күннің ішінде борышкерлерге 1,5 мыңнан астам хабарлама табыс етілді. Яғни, бұл 1,5 мыңнан астам құқық бұзушы жасаған әрекетінің назардан тыс қалмайтынына және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірмей, көлік құралын аса сақтықпен жүргізуге көздерін жеткізді».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Қызмет бағыты