Петропавл полицейлері дүкенге жасалған қарақшылық шабуылды «ізін суытпай» ашты

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері Сәтпаев көшесіндегі «Военторг» дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл фактісін тергеуде. Шамамен сағат 11:30-да медициналық қара түсті бетперде киген адам дүкенге кірген. Сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны иемденген. Сатушы полицияға жүгінген. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы бірден іске кіріседі. Бейнебақылау камераларының жазбалары ұқсас адамның жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік берді. Келесі күні, 29 наурызда жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні Қызылжар ауданының Белое ауылында ұстады. Күдікті ақпан айында бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан бұрын сотталған 23 жастағы Есіл ауданының тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Шығын соммасы 12 жарым мың теңгені құрады. Пышақ тәркіленіп алынды. Ұсталған күзетпен қамауға алынды.
«Осындай оқиғалардың жолын кесу – полицейлердің бизнес өкілдерімен өткізетін жоспарлы жұмысының мақсаты – деп хабарлады Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. – Ортақ әрекеттермен бейнебақылау, «дабыл түймелерімен» жабдықталуы және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын басқа да қорғаныс шараларынан тұратын кәсіпкерлік объектілерінің қауіпсіздік құрылымы мен техникалық нығайтылуы жасалады. Аталған шаралар профилактикалық жұмыстардың күшті құралы болып табылады, ал қылмыс жасалғанда – жылдам ашылуына ықпал етеді».
#ҚРІМ #МВДРК #КНИИМ #МВДРК # Полиция #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО