СҚО полицейлері өткен жылы мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады

СҚО полицейлері өткен жылы мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады

Жаңа жылдың алғашқы сағаттарында Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Крепостная көшесінде көлікті сенімсіз басқарып келе жатқан «ВАЗ-21124» автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде отырған 23 жастағы жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған. Көлікті масаң күйде жүргізгені үшін оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Бұдан кейінгі күндері дәл осы бап бойынша тағы екі жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жүргізуші медициналық куәландыру өтуден бас тартыпты. Полицейлер бұл үшін ҚР ӘҚБтК 613-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін естеріңізге салады. Тексеру нәтижесінде 26 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы болмағаны анықталды. Сотпен оған 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

«Көлікті масаң күйде жүргізуге жол бермеу қажет», - дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Жүргізушілерден ҚР Жол жүрісі қағидаларын қатаң ұстануын сұраймыз. Бұл ауа райы күрт өзгеріп, көктайғақ болған кезде өте маңызды. Адамдар өмірі мен денсаулығы жол қозғалысына қатысушылардың сақтығына байланысты».

Өткен жылы СҚО жолдарында тәртіп сақшыларымен барлығы 1173 мас жүргізуші ұсталды.