СҚО полицейлері Наурыз мерекесін қайырымдылық істерімен қарсы алды

СҚО полицейлері Наурыз мерекесін қайырымдылық істерімен қарсы алды

СҚО полицейлері Наурызды игі істер жасап қарсы алуда. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары ҰОС және полиция қызметінің ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз тұратын зейнеткерлерге барып қайтты. Үй шаруасына көмек көрсетті.
Қар тазалап, отын тасу, азық-түлік әкеліп, үй жинау және көктемнің шуақты мерекесімен құттықтау – бір қарағанда қарапайым көрінетін осындай амалдар қарт адамдар үшін аса маңызды.

78 жастағы М. Жұмабаев ауданының тұрғыны Тамара Долдина теміржолда телефонист болып жүмыс істеген. Оның жары Федор Дмитриевич соғыс кезінде колхозда жұмыс істеген, Жеңіске қосқан үлесі үшін «1941-1945ж. Ұлы Отан соғысында ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұл отбасыға полицейлер бірнеше жылдан бері көмектесіп келеді. Міне бүгін де үй шаруасына көмектесіп, ауланы қардан тазалады, ал аудандық полиция бөлімінің медбикесі медициналық бақылау жүргізді. Риза болған зейнеткер қонақтарға фотоальбомды көрсетіп, өз өмірі туралы айтып берді.

Осы қыста қар тазалап, шығару аса өзекті. Осы орайда СҚО Полиция департаменті айдауылдау қызметі взводының қызметкерлері қолдарына күрек алып, Петропавлда тұратын ІІМ зейнеткері Сәкен Бакетовке барып қайтты. Ал Шал ақын ауданында зейнеткер Е. Мозголинаның ауласын қардан тазалау үшін полицейлерге арнайы техниканы шақыртуға тура келген.

Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Бескөлде тұратын жалғызбасты зейнеткер 86 жастағы Вера Влаченкоға барды. Вера Ивановна – тың игеруші, Тың игергені үшін 6 рет марапатталған екен. Бескөлде 1968 жылдан тұрады, 27 жыл көшпелі механикаландырылған колоннада жұмыс істеген. Қызылжарлық полицейлер кейуанаға азық-түлік апарып, үйдің маңын күртік қардан тазалап, медициналық қарауды ұйымдастырды. Аудан полицейлері полиция ведомствосының ардагерлерін полиция бөлімінің акті залында құттықтады. Ұрпақтар арасындағы байланыс та ұмыт қалған жоқ: ішкі істер органдары зейнеткерлерімен кездесуге «Парасат» мектеп-лицейінің және №2 ОМ оқушылары шақырылды. Балалар аудандық полицияның музейіне барды, ІІО ардагері Александр Клопов қылмыс орындарында заттай дәлелдемелерді іздестірумен және зерттеумен айналысатын погондағы ғалымдар деп аталып кеткен криминалист мамандардың қиын да қызықты жұмысы туралы айтып берді.

««Игі істер күнінде» барлық аудандық полиция бөлімдерінің және Петропавл қ. ПБ қызметкерлері осындай іс-шараларды өткізді, - деді СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. 30-дан аса адамға көмек көрсетілді, ең негізгі көктем мерекесі қарсаңында бастау алған қайырымдылық марафоны алдағы уақытта та жалғасатын болады. Полицейлер ведомствоның ардагерлері, тыл мен майдан ерлері, аз қамтылған отбасыларға тек мереке күндері ғана қамқорлық көрсетпейді. Қарт адамдарға қамқор болу – ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлаған, өңірдің гүлденуіне үлес қосқан аға буынға ризашылық білдіру деп білемін».

Қызмет бағыты