Полицейлер солтүстікқазақстандықтардың өтініштерін тәулік бойы қабылдайды

Полицияға келіп түскен әр өтініш қатаң есепке алынады. Тіркеуден бас тарту фактілері туралы СҚО ПД-не
- Петропавлда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін 39-42-16, 39-42-14 телефондары арқылы;
- Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы көшесі, 70-411 мекенжайы бойынша жеке жүгінуге болады.
СҚО полицейлері естеріңізге салады:
*Хабарламалар өтініш берушінің жеке өзінен, қолма-қол, пошта, телефон, телеграф, электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
*Ақпараттарды есепке алу кітабында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет 24 сағат ішінде қарастырылады.
*Егер хабарламада қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, жүгінген адам өтініш жазады, ол Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеледі.
*Қылмыстық өндіріске негіз болмайтын ақпарат бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) қараусыз қалдырылып, номенклатуралық істе сақталады;
2) тиісті уәкілетті органға жолданады (лауазымды тұлғаға);
3) құзыретіне әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді қарастыру кіретін уәкілетті органға (лауазымдық тұлға) жолданады;
4) аумақтылығы немесе ведомствоға бағыныштылығы бойынша жолданады;
5) бұрын тіркелген ұқсас өтінішке қосылады.
*Өтініш беруші жеке жүгінген кезінде сыртында Qamqor.gov.kz интернет-ресурсының мекенжайы, кеңес алуға болатын 1012 (SMS-сервисі), 8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) телефон нөмірлері, сондай-ақ өтінішті қабылдаған бөліністің телефон нөмірі көрсетілген талон алады.
Кез келген қалалық немесе аудандық полиция бөліністерінде көзге көрінетін жерде өтініштерді қабылдау ережелері орналастырылған. Ол жерде толық кеңес алуға болатын телефон нөмірлері көрсетілген.