Петропавлдың учаскелік инспекторларына жаңа қызметтік көлік табыс етілді

Петропавлдың учаскелік инспекторларына жаңа қызметтік көлік табыс етілді

Жаңа көлік Петропавл қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне табыс етілді. Бұл автокөлікті Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ведомство алқасының соңғы отырысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында ҚР Ішкі істер министрлігі бөлді. «Материалдық-техникалық базаны нығайту әрқашан халықпен байланыстағы қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Жедел әрекет етуге жағдай жасау - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосу болып табылады», - деп атап өтті «Лада Веста» автокөлігінің сертификаты мен кілтін табыс ете отыра, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Петропавлдағы №1 УПП учаскелік полиция инспекторлары қаланың 24 мың адам тұратын орталық бөлігіне қызмет көрсетеді. Бұл бірнеше көңіл көтеру орындары, жаңа салынған үйлер мен жер үйлер, спорттық объектілер бар ірі аудандардың бірі. Осы учаскелік полиция пункті Солтүстік Қазақстан облысында алдыңғы қатарда. Қаланың басқа да учаскелік полиция пунктері сияқты планшеттермен, аулаларға және басқа да қоғамдық орындарға шығарылған бейнебақылау камераларымен жабдықталған. «Мен көп жылдар бойы учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істеймін және көп нәрсе біздің ұтқырлығымызға байланысты деп толық айта аламын. Жаңа көлік біз үшін шақыртуларға қызмет көрсету жұмысында жақсы көмекші болады», - деді аға учаскелік инспектор полиция майоры Дулат Жаныбеков.

Петропавлда 13 учаскелік полиция пункті бар, онда 90-нан астам учаскелік полиция инспекторлар жұмыс істейді. Қазір Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, олардың өкілеттіктерін кеңейту, материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.