СҚО ауданында полицейлер жоғары сынып оқушыларына есірткі таратушылар туралы фильм көрсетті

СҚО ауданында полицейлер жоғары сынып оқушыларына есірткі таратушылар туралы фильм көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Талшық ауылындағы жуырда ашылған IT-орталықта полицейлер «Закладчики. Мать» атты фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауы және тікелей қатысуымен түсірілген фильмде «закладчик» деп аталатын есірткі таратушылардың ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қалай өтейтіні, сондай-ақ оларды бостандықта күтіп отырған аналардың тағдыры көрнекі түрде баяндалады.

Көрсетілімге Талшық ауылындағы жоғары сынып оқушылары қатысты. Фильм басталар алдында тәртіп сақшылары оқушыларға арнап сөз сөйлеп, синтетикалық есірткінің жойқын зардаптары мен оны таратқаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.

Ұжымдық көрсетілімге прокуратура өкілдері мен Ақжар ауданының әкімі Рүстем Елюбаев қатысып, «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру аясындағы полицияның профилактикалық жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Аталған фильмнің ұжымдық көрсетілімдері өңірдің барлық аудандарында кезең-кезеңімен өткізілуде.