СҚО-да ардагер криминалист қылмыстарды ашудағы тәжірибесімен бөлісуде

СҚО-да криминалистикалық бөліністе 20-жылдық еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция подполковнигі Сергей Плясунов жұмыс істейді. Ол аса тәжірибелі қызметкер болып табылады.
2014 жылы зейнетке шыққанымен, ведомствомен байланысын үзген емес. Әріптестерінің өтініші бойынша және ардагерлер кеңесінің қолдауымен зейнеткер Петропавл қ. ПБ Жедел-криминалистикалық бөлімінің тәлімгері атанды.
Сергей Владимирович әрдайым тәжірибесімен бөліседі. Оның шәкірттері қатарында 10-нан астам криминалист, оның ішінде полиция майорлары Александр Хлевов және Жақсылық Валеев сияқты білікті мамандар бар. Қазіргі уақытта ардагердің тәлім алушысы - жас және болашағынан зор үміт күттіретін қызметкер полиция аға лейтенанты Максим Середа.
Сергей Плясунов облыста 1996 жылдан пайдаланылып келе жатқан «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық акпараттық жүйесімен 17 жылдан астам жұмыс істеген. Сондай-ақ, ол шулы қылмыстарды ашуға қатысқан, мұндай қылмыстардың бірі 2008 жылы Уәлиханов ауданында болған, онда қылмыскер отбасыны атып кеткен екен. Криминалистер ұзақ уақыт бойы зерттеу жүргізіп, жанып кеткен автокөліктен күдіктінің алақан іздерін тауып алған, дәл осы іздер қылмысты ашуға көмектескен. Аталған жүйе қылмыскерді өзі таппайды. Іс жүзінде компьютер көрінеу жалған нұсқаларды алып тастап, ықтимал нұсқаларды қалдырады екен. Дәл осы тізіммен криминалистер бұрынғыдай лупа мен білімдеріне сүйене отыра жұмыс жүргізеді. Сергей Плясунов бұл саланы жетік меңгерген.
Сергей Владимирович жан-жақты маман. «Түрлі салада жұмыс істей аламын, - дейді ол. – криминалистикалық зерттеулердің барлық түрлері бойынша куәліктерім бар. Жас қызметкерлерге атыс қаруы мен оқ-дәрілермен жұмыс істеген кезде көмектесіп тұрамын». Бұдан бөлек, Сергей Васильевич қолдан жасалған жалған заттарды анықтай алады. Қызмет атқарған жылдары жалған банкноталардың коллекциясын жинаған екен, қазіргі уақытта аталған коллекция көрнекі құралға айналды.
СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семёнов Плясуновты аса маңызды қызметкер деп біледі: «Тәжірибе жинау бір бөлек, ал онымен бөлісу ерекше талантты қажет етеді, дәл осы қасиет Сергей Владимировке тән. Осындай адамдардың кәсіби тұрғыдан қалыптасып келе жатқан мамандарға көрсеткен көмегі аса құнды».
Плясунов та тәжірибемен бөлісуді парыз санайды. «Ұжымымызда бұрыннан бір-біріне көмектесу, іс пен сөздің бірдей жүруі, жастарға көмек көрсету дәстүрге айналған. Тоқсаныншы жылдардың ортасында бөліміміздің дәлізінде «Білмесең, ұялмай сұра!» тақтайшасы ілініп тұратын. Мақсатым – игі дәстүрлерді сақтап, аға буыннан алған тәжірибені жас қызметкерлерге жеткізу»