СҚО-да 9 айдың ішінде Жол жүрісі қағидаларын бұзған 35 083 адам жауапкершілікке тартылды

СҚО-да 9 айдың ішінде Жол жүрісі қағидаларын бұзған 35 083 адам жауапкершілікке тартылды. Көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған 728 жүргізуші ұсталды. Масаң күйде көлікті басқару үшін жаза қатаңдатылса да, жүргізушілер үшін бұл сабақ болмай отыр. 2020 жылдың қаңтарынан бастап көлік құралын масаң күйде басқару үшін заңнамадағы жаңа өзгерістермен жүргізуші куәліктерінен айыру мерзімі 3-тен 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілді. Егер ішімдік ішкені үшін көлік басқару құқығынан айырылған адам тағы да масаң күйде көлік басқарғаны үшін ұсталса, сотпен өмір бойы көлікті басқару құқығынан айыру түріндегі баламасыз шара қабылданады.
Қызмет бағыты