Петропавлдық егіз полицейлер: «Күш – бірлікте. Егер барлығы Заңды сақтайтын болса, біз біртұтас әрі қуатты мемлекет боламыз»

Петропавлдық егіз полицейлер: «Күш – бірлікте. Егер барлығы Заңды сақтайтын болса, біз біртұтас әрі қуатты мемлекет боламыз»

ҚР ІІМ Алқа отырысына петропавлдық егіз ағайынды Коваленколар қатысуда. Олар Астанаға ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының үздік бес түлегінің қатарында келіп отыр.

Захар мен Назар Коваленко полиция мамандығын мектепте оқып жүргенде таңдаған – екеуі де құқықтануға қызығушылық танытып, әділеттілік жолында қызмет атқаруды мақсат еткен. Сондай-ақ олар оқушы болған кезде бірқатар спорттық жетістіктерге қол жеткізген. Бала кездерінен әділетсіздікті қолдамайтын егіз жігіттер өз өмірлерін полиция қызметімен байланыстыруды ұйғарған. Осылайша, олар академияға оқуға сәтті түсіп, бүгінде жоғары оқу орнын үздік аяқтады.

16 маусымнан бастап ағайынды Коваленколар Петропавл қ. полиция басқармасының бөлімшелерінде криминалист болып қызметке кірісті. Алғашқы күннен бастап жас қызметкерлер қызу жұмысты бастап кетті: қылмыс орындарын тексеру, жауап алу, тінту және басқа да тергеу әрекеттері.

«Біз осындай өмір жолын таңдағанымызға қуаныштымыз, Бізге азаматтардың игілігі үшін қызмет атқару, қылмыскерлерді әшкерелеуге көмектесу, елдегі өмірді қауіпсіз ету ұнайды және мұны бірге жасап жүргенімізге қуаныштымыз. Біз, егіздер, «Күш – бірлікте» деген сөздің терең мағынасын жақсы түсінеміз. Егер барлығы Заңды сақтайтын болса, біз біртұтас әрі мықты мемлекет боламыз. Алқаға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Президентіміздің барлық сөздерін біз қызмет атқаратын жылдарда бірге алып жүріп, басқалаларына ткізетін боламыз. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік», - деді Назар Коваленко.