Полицейлер «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде ұсақ құқық бұзушылықтар бойынша жұмыс жалғастыруда
#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
Алмас Еркешев — Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы
Полицейлер «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік бойынша күн сайынғы жұмыстарды жалғастыруда.
4 желтоқсан күні сағат 11.00 шамасында Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізген 46 жастағы әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 597-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзып, басқа көлік құралдарына кедергі келтіру арқылы көлікті тоқтатып қою ережелерін бұзды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Заңнамаға сәйкес, көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді (1 АЕК – 3692 теңге).
«Заң және тәртіп» шеңберінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша полицияның жұмысы жалғасуда.