Ысқырық және резеңке етік ктген инспектор Петропавлдың суға батқан ауданында қозғалысты реттеді

Жарияланған күні: 18 сәуір 2024

Ысқырық және резеңке етік ктген инспектор Петропавлдың суға батқан ауданында қозғалысты реттеді

Сенбі күні сағат 17:30 шамасында Петропавл қаласының Подгора шағын ауданын Есіл өзенінен келген үлкен су көлемі тез арада баса бастады. Бұл әсіресе Потанин көшесінің мысалында айқын көрінді. Автотрафиктің жоғарылауы және эвакуациялық шаралар жағдайында бұл жерде тұрғындар арасында дүрбелең пайда бола басталды. Потанин — Смирнов көшелерінің қиылысында жол қозғалысын реттеуге СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Баян Байғаскина шықты. Он минуттай погон киген қызметкер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті; жол-көлік оқиғалары болған жоқ. Одан әрі полиция майоры Баян Байғаскинаның орнына қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының әріптесі келді.

Осындай қарбалас күндерде Петропавлда су тасқынына қарсы іс-шараларда ер адамдармен бірге әйелдер де өміріне қауіп төндіретін ерекше режимде жұмыс істеуде. Олар адамдар мен жануарларды эвакуациялауға жанқиярлықпен қатысады, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетеді; шиеленісті режимде далалық штабтарда мәліметтер жинайды және талдау жүргізеді, сондай-ақ БАҚ-та су тасқынына қарсы іс-шараларды жариялау желісі бойынша жұмыс істейді.

https://youtu.be/7jpZayVjbwk

#паводки2024 #паводок2024