ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ауылдықтар патрульдік полицейлерге алғыстарын білдірді

Петропавл қаласынан Ақжар ауданына бет алған «»ВАЗ-2104 автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы қиын оқиғаны бастарынан кешірді. 22 наурыз сағат 15:30 шамасында қарсы бетте келе жатқан жүк көлігінің дөңгелегінің астындағы мұз жеңіл көліктің алдыңғы әйнегіне тиіп, сындырған. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда Аққайың ауданының аумағында гуілдеген желдің өтінде далада тұрып қалды. Аталған көлік ішінде қария туыстары болатын. Абырой болғанда, құрамында полиция аға лейтенанттары Жігер Балтабай мен Евгений Вишневский бар патрульдік полиция батальонының экипажы келіп тоқтады. Мән-жайды сұрастырып, полицейлер ерлі-зайыпты қарияларды «патрулькаға» отырғызып, жигули автокөлігіне Келлеровкаға дейін ілесіп жүрді.

Машина ішіндегі қалған екі жігіт рөлге кезектесіп отырып, «патрулькаға» ақырындап ілесіп жүріп отырды. Келлеровкада оларды тосын сый күтіп тұрды: полицейлер жолшыбай автоқосалқы бөлшектер сататын дүкендегі таныстарына хабарласып та қойған екен, олар қарызға қажетті автобөлшек берген, ал екінші бір таныстары алдыңғы әйнек әкеп беруге келіскен. Жолаушылар туыстарының үйінде жылынып отырған кезде, тәртіп сақшылары көліктерін жөндеуге көмектесті. Көлік істен шыққаннан бергі бір жарым сағат ішінде «жигули» қайта жолға шықты.

Балтабай мен Вишневский ауызша айтылған алғыс сөздерін жеткілікті көргенімен, егде жастағы жолаушының бірі Күләш Балтабекова амалын тауып, Whatsapp арқылы облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметіне: «Бізге көмекке келген Балтабай Жігер мен Евгений Вишневскийге алғыс жариялап, марапаттауларыңызды сұраймыз» деген мазмұндағы хабарлама жолдаған.

«Әр экипаж қызметке түскен кезде жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету керек деген тапсырма алады, - деп тоқтала кетті СҚО ПД ППД командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. – Бұл біздің жұмысымыз, дегенмен Наурыз мерекесінде білдірілген жылы лебіздер қызметкерлеріміздің есінде ұзақ сақталып, алдағы уақытта қызмет атқаруымызға ерекше серпін береді».

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметі

Дата публикации
26 марта 2020
Дата обновления
26 марта 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
01 сентября 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы