
СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлері полиция кіші лейтенанттары Юлий Данильченко мен Бекболат Бүркітбай Жезқазған-Петропавл тас жолының учаскесінде қызмет өткеру кезінде Шал ақын ауданы орталығының тұрғыны 72 жастағы Сәлім Сыздықовқа көмек көрсеткен. Петровка мен Мәдениет ауылдарының ортасында қалған «Audi» авто көлігі жайлы басқа жүргізушілерден естіген. Көлік тоқтап қалған жерге келген соң, патрульдік полицейлер оның жөндеуге келмейтіндігін анықтайды. Петропавлдан келе жатқан Сәлім мен оның туысына көлікті қалдырып, үйіне дейін жеткізіп салуға ниет білдіргендер болған. Алайда аудан орталығының тұрғыны өзінің сенімді «темір тұлпарын» жолда қалдыруға қимаған. Данильченко мен Бүркітбай «Audi» көлігін тіркеуге алуды ұсынған. «Алыс қой, жеткізе аласыңдар ма? – деп күмәнданды Сыздықов». «Николаевкаға дейін жеткізіп саламыз, ары қарай сергеевкалық патрульдер тіркеуге алады», — деп жауап берді полицейлер. Жолдың алғашқы бөлігі 40 шақырымды құрады, жолды ары қарай сергеевкалық полиция кіші лейтенанттары Бауыржан Закиров пен Бахтияр Алпысбаев жалғады. Екі сағаттан кейін аудан орталығының тұрғындары үйлеріне аман-есен жетті. «Көмектеріңізге зор алғыс білдіреміз, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!» - деп Сәлім патрульдік полицейлермен қоштасты.
«Адамдардың білдірген алғысы көңілді қуантады, керемет іс атқарған жоқпыз, жай ғана өз жұмысымызды орындадық, - дейді Юлий Данильченко. — Мен 2012 жылдан полицияда қызмет етемін, жолдың жағдайын, жүргізушілердің бір-біріне деген көмегінің маңыздылығын жақсы білемін. Өткен жылы батальонның барлық сержанттық құрамы – 110-ға жуық адам – офицер лауазымына ауыстырылды. Бұл – қызметте артылған жауапкершілік жүгінің екі есе артқанын сезініп, әрдайым адамдарға көмек қолын созу».
Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы