АНОНС

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 23 маусымда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Петропавл қаласының аумағында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу департаментінің және полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топтардың азаматтарды қабылдауы өтеді. Қабылдау келесі сауда-ойын-сауық орталықтарында жүргізіледі: «Достық Молл», «Ситимолл», «Береке» шағын ауданындағы «Северный» дүкені, Оқушылар сарайы, вокзал маңайындағы алаң.
Іс-шара барысында азаматтардың өтініштері қабылданып, қойылған сұрақтар бойынша кеңес беріледі, алдын алу шаралары және т.б. жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп идеясын және құқық қорғау органдарының қызметін насихаттау, құқықтық көмек көрсету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Анонс
Дата публикации
20 июня 2025