Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың 10 айындағы
қылмыстылықтың жай-күйі туралы
АҚПАРАТ
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы 10 айдағы жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санын тіркеуін төмендетудің көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы қазан айында қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.
Ағымдағы жылғы он айдың нәтижесі бойынша 3944 қылмыс (4070)[1]. тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 72,7 % құрады (72,5%).
83 аса ауыр қылмыс, 814 ауыр, 1768 орташа ауыр және 459 аса ауыр емес қылмыстар тіркелген.
Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 71,2% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 56,6%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 89,6%-ды құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 81,5%.
Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, тонау 5,3%-ға, бұзақылық 25,6%-ға, қарақшылық 25,0%-ға, мал ұрлығы 27,6%-ға төмендеген.
Дәстүрлі, қылмыстылық құрылымында ұрлық басым. Бұл кең таралған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы жылдың 10 айында облыс аумағында 1319 (1573) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 816 (857) қылмыстық іс аяқталған.
Полицейлердің мақсатты бағытталған алдын алу жұмысының арқасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі түрлерінің: пәтерлерден ұрлау – 27,5%, 418-ден 303-ке, ұялы телефондарды ұрлау – 20,3%, 276-дан 220-ға дейін төмендеуі байқалуда.
Ұрлауды ашудың жалпы саны – 63,4% (61,2%) құрады.
Ағымдағы кезеңде қылмыс жасаған 83 (62) қылмыскерлерге және 50 (53) із-түссіз жоғалған тұлғаларға қатысты іздестіру жүзеге асырылды, олардың ішінен 54 (29) қылмыскер немесе 65% (46,7%) ұсталды және 24 (27) немесе 48% (50,9%) із-түссіз жоғалғандардың тұрғылықты жері анықталды.
Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін есептік кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 1263 шетелдік тартылған, оның ішінде 65-і сот қаулысы бойынша елден тыс жерге шығарылды.
Заңсыз есірткі айналымына байланысты 188 қылмыс (176), оның ішінде 69 өткізу фактісі (47) анықталды.
Заңсыз айналымнан 415 кг. 087 грамм түрлі есірткі заттары (2021 ж. – 409 кг.564 гр.) алынды.
Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың 10 айында облыста қоғамдық орындарда жасалған 597 қылмыс тіркелген (-1,2%, 604), көшелерде, алаңдарда - 201 (-34,7%, 308), соттылығы өтелмеген тұлғалармен жасалған - 231 (-0,4%, 232), алкогольдік және масаң күйде - 477 (-16,2%, 569) қылмыс тіркелген.
Ақпараттық технологиялар саласында жоғары криминалдық белсенділігін болып табылатыны жалғастырылуда. Интернет-сауданың, «он-лайн» бизнесінің даму және жалпы цифрландыру IT-қылмыстылықтың өсуіне әкеп соқтырады. Алаяқтылар тек бір мақсатпен - сенімді азаматтардың ақшаларын иелену үшін түрлі қаржы пирамидаларын, шағын несиелік ұйымдарын және «алдын ала төлеу бойынша дүкендерін» ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді белсенді пайдалануда. Өкінішке орай, осы 649 адам осыған ұрынып қалды.
Егер алдында қармаққа негізінен қарт адамдар түссе, қазір алданғандар қатарында жастар мен орта жастағы адамдар көп.
Облыста қоғамдық тәртіпті сақтау, жол және қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде 1690 бейнебақылау камерлары жұмыс істейді, олардың ішінде облыс орталығында 420. Олардың көмегімен 18 638 құқық бұзушылық анықталған, 691 қылмыс ашылған.
Есептік кезеңде облыс аумағында 258 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 365 адам жарақат алды, 42 адам қаза тапты. Өкінішті статистика кейбір жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауы болып табылады.
Ағымдағы жылдың 10 айында Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін 56 996 тұлға, алкогольдік масаң күйінде көлікті басқарғаны үшін 990 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл масаң күйде жүргізгені үшін заңнаманы айтарлықтай қатаңдатуға қарамастан.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін заңнамадағы жаңа заңдарымен жүргізуші куәліктерінен айыру мерзімі 3-тен 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілді.
Егер «ішімдік ішкені үшін» басқару құқығынан айырылған адам тағы да масаң күйде басқарғаны үшін ұсталса, сотпен өмір бойы көлікті басқару құқығынан айы түрінде баламасыз шара қабылданады.
Жазалаудың бұлтартпау принципін қамтамасыз ету мақсатында, облыс бюджетіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды. Ағымдағы жылғы он айдың қорытындысы бойынша барлығы 870 млн. 197 810 теңге сомаға айыппұл салынған. 628 млн. 541 мың теңгеден астамы немесе 72,2%-ы өндіріп алынған.