Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың 3 айындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың 3 айындағы

қылмыстылықтың жай-күйі туралы

ақпарат

 

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы                     3 айдағы жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санын тіркеуін төмендеу көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы қыркүйекте қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.

Ағымдағы жылғы үш айының нәтижесі бойынша 1195 қылмыс (1192)[1]. тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 78,0% құрады (79,9%).

22 аса ауыр қылмыстар, 239 ауыр, 559 орташа ауыр және 150 аса ауыр емес қылмыстар тіркелген.

Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 76,1% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіші кезінде – 55,2%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 100,0%-ды құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіші кезінде – 82,1%.

Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, зорлау 50,0%-ге, тонау 58,8%-ге, бұзақылық 23,1%-ке төмендеген.

Дәстүрлі, қылмыстық құрылысында ұрлықтар басымдылық. Бұл кең таралған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы жылдың 3 айында облыс аумағында 383 (392) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 248 (221) қылмыстық іс аяқталған.

Полицейлердің мақсатты бағытталған алдын алу жұмысының көмегімен бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі түрлерінің төмендеуі байқалуда: пәтерлерден ұрлау – 17,6%,  153-тен 126-ға,  ұялы телефондарды ұрлау – 29,3%, 99-дан 70-ке дейін және автокөлікті ұрлау – 100,0%, 2-ден 0-ге.

Ұрлауды ашудың жалпы саны – 80,8% (72,0%) құрады.

Ағымдағы кезеңде қылмыс жасаған 48 (39) қылмыскерлерге және 28 (28)     із-түссіз жоғалған тұлғаларға қатысты іздестіру жүзеге асырылды, олардың ішінен  17 (8) қылмыскер немесе 35,4% (20,5%) ұсталды және 5 (5) немесе 17,8% (17,8%)    із-түссіз жоғалғандардың тұрғылықты жерлері анықталды.

Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін есептік кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 227 шетелдік тартылған, олардың ішінен 26 сот қаулысы бойынша қуып шығарылды.

Заңсыз есірткі айналымына байланысты 55 қылмыс (59), оның ішінде                  20 өткізу фактісі (17) анықталды.

Заңсыз айналымнан 17 кг. 930,39 грамм түрлі есірткі заттары (2021 ж. – 25кг.536,12 гр.) алынды.

Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Ағымдағы 2022 жылдың            3 айында облыста қоғамдық орындарда жасалған 137 қылмыс тіркелген                                  (-17,0%, 165), 49 – көшелерде, алаңдарда (-16,9%, 59), 61  – сотталуын өтемеген  (61), 134 - алкогольдік және масаң күйінде (-1,5%, 136) қылмыстар тіркелген.

Ақпараттық технологиялар саласында жоғары криминалдық белсенділігін болып табылатыны жалғастырылуда. Интернет-сауданың, «он-лайн» бизнесінің даму және жалпы цифрландыру IT-қылмыстылықтың өсуіне әкеп соқтырады. Алаяқтылар тек бір мақсатпен - сенімді азаматтардың ақшаларын иелену үшін түрлі қаржы пирамидаларын, шағын несиелік ұйымдарын және «алдын ала төлеу бойынша дүкендерін» ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді белсенді пайдалануда. Өкінішке орай, осы 214 адам осыған ұрынып қалды.

Егер алдында қармаққа негізінде қарт адамдар түссе, қазір алдап кеткендердің ішінде жастар және орта жастағы адамдар бар.

Облыста қоғамдық тәртіпті сақтау, жол және қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде 1649 бейнебақылау камерлары жұмыс істейді, олардың ішінде облыс орталығында 410. Оның көмегімен 6787 құқық бұзушылықтар анықталған, 215 қылмыстар ашылған.

Есептік кезеңінде облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген, олардың нәтижесінде 50 адам жарақат алды, 11 адам қаза тапты. Өкінішті статистика кейбір жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауы болып табылады.

Ағымдағы жылдың 3 айында 16169 тұлға Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін, алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 229 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл масаң күйде жүргізгені үшін заңнаманы айтарлықтай қатаңдатуға қарамастан.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін заңнамадағы жаңа заңдарымен жүргізуші куәліктерінен айыру мерзімі 3-тен 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілді.

Егер «ішімдік ішкені үшін» басқару құқығынан айырылған адам тағы да масаң күйде басқарғаны үшін ұсталса, сотпен өмір бойы көлікті басқару құқығынан айы түрінде баламасыз шара қабылданады.

Жазалаудың бұлтартпау принципін қамтамасыз ету мақсатында, облыс бюджетіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды. Ағымдағы жылғы екі айдың қорытындысы бойынша барлығы 240 млн. 521 362 теңге сомаға айыппұл салынған. 155 млн. 483 815 теңге немесе 64,6%-ы өндіріп алынған.

Туындаған эпидемиологиялық жағдайында және енгізілген шектеу шаралары кезінде облыстың полицейлері қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу, қоғамдық тәртіпті күзету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасы ету бойынша жүйелік жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың 3 айындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы ақпарат
Дата публикации
12 апреля 2022