Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылдың 3 айындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы үш айдың жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санының тіркелуінің төмендеуі көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы сәуірде қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.
Ағымдағы жылғы үш айдың нәтижесі бойынша 1192 қылмыс (1540)[1] тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 71,1% құрады (83,5%).
18 аса ауыр қылмыстар, 204 ауыр, 624 орташа ауыр және 129 аса ауыр емес қылмыстар тіркелген.
Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 80,6% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіші кезінде – 69,5%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 73,7%-ды, орташа республикалық көрсеткіш – 89,0%-ды құрады.
Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, кісі өлтіру 37,5%-ге, ауыр дене жарақатын келтіру 20%, қорқытып алу 50%, тонау 29,2%, бұзақылық 13,3%, автокөлікті айдап әкету 52,6%-ға төмендеген.
Дәстүрлі, қылмыстылық құрылымында ұрлықтар басым. Бұл ең таралған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы жылдың үш айында облыс аумағында 392 (613) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 569 (1015) қылмыстық іс аяқталған.
Полицейлердің мақсатты бағытталған алдын алу жұмысының көмегімен бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі түрлерінің төмендеуі байқалуда: пәтерлерден ұрлау 36,5%-ке, 240-тан 153-ке дейін, кіру арқылы пәтерден ұрлау 61,1%, 54-тен 21-ге дейін, ұялы телефондарды ұрлау – 32,7%, 147-ден 99-ға дейін.
Ұрлауды ашудың жалпы саны – 74,9% (81,4%) құрады.
Ағымдағы кезеңде қылмыс жасаған 39 (52) қылмыскерлерге және 28 (55) із-түссіз жоғалған тұлғаларға қатысты іздестіру жүзеге асырылды, олардың ішінен 8 (16) қылмыскер немесе 20,5%-і (30,7%) ұсталды және 5 (9) немесе 17,8% (16,3%) із-түссіз жоғалғандардың тұрғылықты жерлері анықталды.
Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін есептік кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 113 шетелдік тартылған, олардың ішінен 11-і сот қаулысы бойынша елден шығарылды.
Заңсыз есірткі айналымына байланысты 59 қылмыс (51), оның ішінде 17 өткізу фактісі (17) анықталды.
5 контрабанда фактісінің жолы кесілді (6). Заңсыз айналымнан 25 кг. 536 гр. Әр түрлі есірткі заттары (2020 ж. – 4 кг. 007 гр.) алынды.
Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың 3 айында облыста қоғамдық орындарда жасалған 165 қылмыс тіркелген (-1,2%, 163), көшелерде, алаңдарда 59 (-6,3%, 63), 61 – сотталуын өтемеген (-39,0%, 100), 136 - алкогольдік және масаң күйінде (-26,9%, 186) қылмыстар тіркелген.
Ақпараттық технологиялар саласында жоғары криминалдық белсенділік байқалуда. Интернет-сауданың, «он-лайн» бизнесінің даму және жалпы цифрландыру IT-қылмыстылықтың өсуіне әкеп соқтырады. Алаяқтар тек бір мақсатпен – сенгіш азаматтардың ақшаларын иелену үшін түрлі қаржы пирамидаларын, шағын несиелік ұйымдарын және «алдын ала төлеу бойынша дүкендерін» ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді белсенді пайдалануда. Өкінішке орай, 211 адам алаяқтарға алданып қалды.
Бұл өткен жылға қарағанда екі есе артық. Егер алдында қармаққа негізінде қарт адамдар түссе, қазір алданып қалғандардың ішінде жастар және орта жастағы адамдар бар.
Облыста қоғамдық тәртіпті сақтау, жол және қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде 1414 бейнебақылау камерлары жұмыс істейді, олардың ішінде облыс орталығында 410. Оның көмегімен 5 мыңнан артық құқық бұзушылықтар анықталған, 230 қылмыстар ашылған.
Есептік кезеңінде облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген, олардың нәтижесінде 46 адам жарақат алды, 4 адам қаза тапты. Өкінішті статистика кейбір жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауы болып табылады.
Ағымдағы жылдың екі айында 13 мыңнан артық тұлға Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін, алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 189 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл масаң күйде жүргізгені үшін заңнаманы айтарлықтай қатаңдатуға қарамастан.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін заңнамадағы жаңа заңдармен жүргізуші куәліктерінен айыру мерзімі 3-тен 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілді.
Егер «ішімдік ішкені үшін» басқару құқығынан айырылған адам тағы да масаң күйде басқарғаны үшін ұсталса, сотпен өмір бойы көлікті басқару құқығынан айыру түрінде баламасыз шара қабылданады.
Жазалаудың бұлтартпау принципін қамтамасыз ету мақсатында, облыс бюджетіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды. Ағымдағы жылғы үш айдың қорытындысы бойынша барлығы 193 млн. 084 мың 358 теңге сомаға айыппұл салынған. 138 млн. 460 мың 662 теңге немесе 71,7%-ы өндіріп алынған.
Туындаған эпидемиологиялық жағдайында және енгізілген шектеу шаралары кезінде облыс полицейлері қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу, қоғамдық тәртіпті күзету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасы ету бойынша жүйелік жұмыстарын жалғастыруда.
СҚО ПД Штабы
[1] Мұнда және бұдан әрі жақшалардың ішінде 2020 жылдың осындай кезеңіне көрсеткіштер көрсетілген.