Есірткіге масайған адам қоғамға қауіп төндіре ме

🔺 Сотталушының кейбірі жасаған әрекетті есірткі мастығы салдарынан, қоғамға төндірген қаупін толық түсінбей не болған оқиғаны ес-түссіз қалыпта жасағанын айтып ақтала кетеді. Алайда, мұндай жағдай жауапкершіліктен босатпайды.

🔺 Нашақор науқастың қылмыс жасауына бірнеше фактор бар, бастысы - есірткі сатып алуға қажетті қаражат. Есірткі қабылдайтын адамдар осы мақсатта қылмысқа барады.

🔺 Мәселен, өткен уақыт кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысында 24 қылмыс есірткіге масайған күйде жасалды.

🔺 Оның ішінде - 9 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санатына жатады.

🔺 4 ұрлық;

🔺 4 есірткі контрабандасы;

🔺 13 қылмыс - есірткі заңсыз айналымы;

🔺 3 қылмыс – құқықсыз әрі есірткіге мас күйде көлік басқаруы.

🔺 Қылмыс жасаған ең жас нашақор - 19 жаста. Ең кәрісі - 53 жаста.

🔺 Мас күйдегі адам келеңсіз жағдайға жиі тап болады. Мұндай адаммен байланысқа мейлінше түспеген дұрыс.

🔺 Ол жүргізуші, сіз жолаушы болған кездегі әрекетіңіз қандай?

🔺 Есірткіге мас жүргізушінің көлікті басқаруы үлкен қауіп төндіреді. Есірткіге мас адам қатысуы салдарынан апаттың ауыртпалығы әдетте жоғары. Есірткі адамның ойлау әрі көлікті басқару қабілетін төмендетеді. Тамақ пен алкогольсіз сусыннан есірткінің айырмашылығы - ағзада қорытылмай, қанға тез сіңуі. Қабылдаудан бірнеше минут өткен соң миға жетіп, әсері басталады. Есірткі салдары - өзін басқару, құзыреттілік, бақылау әрі шешім қабылдау үрдісінің баяулауы әрі әлсіреуі. Әрекет ету қасиеті төмендеп, күрделі тапсырманы орындай алмайды, есте сақтау әрі түсіну сезімі әлсірейді.

Реакция күшейіп, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Көлік жүргізу қабілетінің нашарлауы әрі ұйқы бастылыққа соқтырады. Жүргізушінің маңызды барлық дағдысын әлсіретеді.

 

🔺 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес

жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 15 тәуліктен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жылдан 9 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Есірткіге масайған адам қоғамға қауіп төндіре ме
Дата публикации
29 марта 2021